Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12 бабының 5 тармақшасының отыз екінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасы осы бұйрықтың 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  3. Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап, бірақ 2023 жылғы 1 шілдеден ерте емес қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 



 

Дата публикации
21 апреля 2023