«Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызуда:
Кәсіптік тәуекелдің 1-сыныбы, келесі редакцияда жазылсын:
«Кәсіптік тәуекелдің 1-сыныбы
60xxx Бағдарлама және теле-радио хабарлама жасау жөніндегі қызмет
62xxx Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер
65xxx Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру
66xxx Қаржылық көрсетілетін қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет
69xxx Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет
72xxx Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер (72199 қоспағанда)
73xxx Жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу
84300 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет»
97ххх Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі
98xxx Өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді көрсету өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі
99ххх Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі»;
Кәсіптік тәуекелдің 3-сыныбы, келесі редакцияда жазылсын:
«Кәсіптік тәуекелдің 3-сыныбы
45xxx Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату
63xxx Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет
70xxx Бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша консультация беру
72199 Жаратылыстану және техникалық ғылымдары саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер
84xxx Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (84230, 84250, 84300 қоспағанда)
86xxx Денсаулық сақтау саласындағы қызмет (86101, 86210, 86900 қоспағанда)
91xxx Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің және өзге де мәдениет саласындағы қызметтер
96xxx Өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Т.Ә.А |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |