Қазақстан Республикасы Бюджет кодекcінің 32-бабының 4-тармағына, «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың 18-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қаржы департаменті бюджеттік бағдарламалар қайта бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы А.К. Дюсеноваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.