««Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 571 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 571 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі- бұйрықтың жобасы) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабының 2-тармағына сәйкес келтіру шеңберінде әзірленді.
Жобаны іске асыру мемлекеттен қаржы шығыстарын талап етпейді.
Жоба 2023 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңеске жолданды.
Жоба 2023 жылғы 7 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің порталында орналастырылды.