«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 571 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық аппаратының (бұдан әрі – Министрлік), оның ведомстволарының және Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Министрліктің, оның ведомстволарының және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:
1) біржолғы ақшалай сыйақы;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықтармен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Министрлік орталық аппаратының, оның ведомстволарының және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермелеу мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі комиссиясының шешімінің негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – комиссия).
Комиссия құрамын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (бұдан әрі – Министр) немесе Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшысы бекітеді және кемінде 5 адамнан тұрады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі қаржыландыру жоспары бойынша Министрлікті және Комитеттің аумақтық бөлімшелерін ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу есебінен Министрліктің аппарат басшысының және Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Министрліктің грамотасымен, Министрдің Алғысымен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы шешім Министрлік ведомствосының құрылымдық бөлімшелері мен Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының ұсынуы бойынша қабылданады және Министрдің бұйрығымен ресімделеді.
Мемлекеттік қызметшілерді Министрліктің грамотасымен, Министрдің Алғысымен және мемлекеттік қызметшілердің нақты сіңірген еңбегі сипатталған бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы ұсынымдар жетекшілік ететін вице-министрмен (аппарат басшысымен) келісу бойынша оның құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолымен немесе Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының қолымен Министрліктің кадр қызметіне жіберіледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Комитеттің аумақтық бөлімшелердің грамотасымен және Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшысының алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешімді Комитеттің аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсынымдары бойынша қабылдайды және Комитеттің аумақтық бөлімшілері басшыларының бұйрығымен ресімделеді.
Грамотамен және алғыс жариялаумен көтермелеу туралы ұсынымдары мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып Комитеттің аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолымен кадр қызметіне жолданады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Егер грамотамен, алғыс хатпен көтермелеу мерекелік және мерейтойлық күндерге арналған болса, онда көтермелеу туралы ұсыныс Министрліктің немесе Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметіне тиісті күнге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірілмей жолданады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Грамота және алғыс хат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде әзірленеді және Министрдің немесе Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының қолы қойылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызметшілерді Министр немесе Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшысының грамотасымен және алғыс хатымен көтермеленуді есепке алуды Министрліктің және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүзеге асырады.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |