«Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – қаулы жобасы).
Қаулы жобасы республикалық және жергілікті бюджет деңгейінде Spina Bifida диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдардың бір реттік майланған катетерлермен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қалаларының, астана бюджеттерімен ағымдағы нысаналы трансферттерді 2023 жылы пайдалану тәртібін айқындайды.