Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары
«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) есепті айдан кейінгі айдың 8-күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді беруді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов