«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз-релизі

Президент Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылы 21 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында берген «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы тапсырмасына сәйкес «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы жобасы әзірленді.

Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің жалақысын лауазымдық айлықақыдан 50% мөлшерінде қосымша ақы белгілеу арқылы арттыру болып табылады.

Дата публикации
10 апреля 2023