қызметтерді алуға құқығы бар жеке тұлғалардың
жекелеген санаттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 110-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі қызметтерді алуға құқығы бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:
жұмыссыздар;
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген қысқартылатын жұмыскерлер;
дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар және (немесе) әрекетсіз дара кәсіпкерлер;
отбасылық кәсiпкерлiкте еңбекақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар;
жеке қосалқы шаруашылықта сату (айырбастау) үшін өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз адамдар;
табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз өндірістік кооператив мүшелері.
жаңадан бастаушылар және/немесе жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер;
атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балаларға, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
қоныс аударушылар;
қандастар;
еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
Министр Т.Дүйсенова