"Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына баспасөз-релизі
"Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде әзірленді.
Жобада әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру, Кәсіптік оқыту қағидаларын бекіту көзделеді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Бұдан басқа, Жобаны қабылдау және іске асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.