Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 109-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы заңының 16-баб 3-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған сәйкес Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Министр |
|
Т. Дүйсенова |