Субсидияланатын жұмыс орындарының тізбесін, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасатын адамдарға қойылатын талаптарды, олардың жалақысының мөлшерін және субсидиялау мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

 

 

 

 

 

 

 

Субсидияланатын жұмыс

орындарының тізбесін,

субсидияланатын жұмыс

орындарына жұмысқа орналасатын

адамдарға қойылатын талаптарды,

олардың жалақысының мөлшерлерін және

субсидиялау мерзімдерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы ____ Әлеуметтік кодексінің 111-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Субсидияланатын жұмыс орындарының тізбесі, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасатын адамдарға қойылатын талаптар, олардың жалақысының мөлшері және субсидиялау мерзімдері бекітілсін.
  2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

Министр

Т. Дүйсенова

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ____ жылғы           № ____ қаулысымен

бекітілген

 

Субсидияланатын жұмыс орындарының тізбесі, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасатын адамдарға қойылатын талаптар, олардың жалақысының мөлшерлері және субсидиялау мерзімдері

 

№

Субсидияланатын жұмыс орындарының атауы

Сипаттамасы

Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдардың санаты

 

Субсидиялау түрі

Жалақыны субсидиялау мерзімі

Субсидияның бір айдағы мөлшері (экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде)

1

Қоғамдық жұмыстар

Мансап орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері

 

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмыссыздардың;

2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;

3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;

2) мансап орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.

Мемлекет толығымен субсидиялайды

 

 

12 айдан аспайды

кемінде 20 АЕК

2

Әлеуметтік жұмыс орындары

Мансап орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн олардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмыс беруші құратын жұмыс орны

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу жұмыссыздардың құқығы бар.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға:

1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың;

2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;

3) мүгедектігі бар адамдар;

4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;

5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;

7) жеті жасқа дейінгі балаларды, мүгедектігі бар баланы, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;

8) қандастар;

9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар қатарындағы жұмыссыздар басым құқық пайдаланады.

Мемлекет ішінара субсидиялайды

12 айдан аспайды

жалақының белгіленген мөлшерінен 35%-ды құрайды, бірақ 20 АЕК-тен аспайды

 

 

3

Жастар практикасы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі

Жастар практикасына қатысуға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы бес жыл ішінде оқуын аяқтаған және отыз бес жасқа толмаған жұмыссыздардың құқығы бар

Мемлекет толығымен субсидиялайды

12 айдан аспайды

30 АЕК

4

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы

Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағыттылған жоба

«Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысуға  алғаш рет жұмыс іздеп жүрген NEET санатындағы жастар қатарындағы жұмыссыздардың құқығы бар.

 

Мемлекет толығымен субсидиялайды

18 айдан аспайды

30 АЕК

5

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы

Зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейіннен алмастырумен оқу орындарының түлектерін олар алған кәсібі (мамандығы) бойынша немесе Ұлттық кәсіптер жіктеуішінде қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша  жұмысқа орналастыруға бағытталған жоба

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысуға  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының алдыңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған және отыз бес жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздардың құқығы бар.

Мемлекет толығымен субсидиялайды

6 айдан аспайды

30 АЕК

6

 «Күміс жас» жобасы

50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған жоба

«Күміс жас» жобасына қатысуға 50 жастан асқан жұмыссыздардың  құқығы бар. «Күміс жас» жобасына қатысуға зейнеталды жастағы (зейнеткерлікке шығуға бес жыл қалған) жұмыссыздар басым құқық пайдаланады.

 

Мемлекет ішінара субсидиялайды

36 айдан аспайды

Жұмыстың біріші жылы (1 айдан бастап 12 айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінен 70%-ды құрайды, бірақ 30АЕК-тен аспайды

 

Жұмыстың екінші жылы (13 айдан бастап 24 айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінен 65%-ды құрайды, бірақ 30АЕК-тен аспайды

 

Жұмыстың үшінші жылы (25 айдан бастап 36 айға дейін)  үшін жалақының белгіленген мөлшерінен 60%-ды құрайды, бірақ 30АЕК-тен аспайды

 

қаулы
Дата публикации
03 апреля 2023