Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы

 

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 105-бабының 3-тармағына, 109-бабының 2-тармағына, 111-тармағының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

2.«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Министр

 

Т. Дүйсенова

Бұйрық
Дата публикации
03 апреля 2023