«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 11-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда әлеуметтік аударымдардың, әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың, инвестициялық кірістің Қор шотына келіп түскен сомаларының 0,78 пайызынан асырмай белгіленсін.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер - Министрі А. Смайылов