«Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» акционерлiк қоғамының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн
нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қор резервiнiң есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарына есептелетiн ең төменгi мөлшерi провизия мөлшерiнiң кемiнде он пайызы мөлшерiнде белгiленсiн. Қор қызметiнiң нәтижесiнде мүмкiн болатын тәуекелдердi жабу үшiн қалыптастырылатын және оның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн Қор резервi Қордың активтерi мен провизиясының айырмасы ретiнде айқындалады;
Қордың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылған банктік шотындағы ақшаның ай сайынғы инвестицияланбайтын қалдығының есепті айдан кейінгі айдың басындағы ең төменгі мөлшері есепті айдың алдындағы айда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген әлеуметтік төлемдер сомасының бір жарым еселенген мөлшерінен кем емес, бірақ 100000000 (бір жүз миллион) теңгеден төмен емес мөлшерде белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер - Министрі А. Смайылов