Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші

(орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес

мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау

қағидаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 11 бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау қағидалары бекітілсін.
  2. «Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1141 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

         Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                 Ә. Смайылов

Дата публикации
30 марта 2023