Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

         

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 29-бабы 2 тармағының 7) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілік тізбесі, ұсыну мерзімдері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері мен пассивтері жөніндегі есеп» нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің түсімі және оларды пайдалану туралы есеп» нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қаржы құралдарының түрлері бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп» нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері қозғалысының болжамы» нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына келіп түскен әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың сомалары және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны туралы мәліметтер» нысаны;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны және сомалары туралы мәліметтер» нысаны;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан төленетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері туралы мәліметтер» нысаны;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Әлеуметтік тәуекелдер түрлері бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан әлеуметтік төлемдерді алушылар санының және сомаларының динамикасы» нысаны;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына қайтарылған артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомасының түсуі туралы мәліметтер» нысаны;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу туралы есеп» нысаны айқындалсын.

  1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 101 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 140430 болып тіркелген, 2020 жылғы
    30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 





 

 

Приказная
Дата публикации
27 марта 2023