«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Осы қаулының жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында орналастырылған.
Жобаны көру үшін мына сілтеме арқылы өтуге болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14462578.