«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған емделуге ақы төлеу мақсатында қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы жарналары мөлшерін есептеуді есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
баспасөз релизі
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған емделуге ақы төлеу мақсатында қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы жарналары мөлшерін есептеуді есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы (бұдан әрі – жоба) 2023 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексін іске асыру шеңберінде әзірленді және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.
2023 жылғы 20 наурыз жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды.
Бұдан басқа, жобаны қабылдау және іске асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.