«Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі
«Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы (бұдан әрі – жоба) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің шеңберінде әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.
2023 жылғы 20 наурызда жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды.
Бұдан басқа, жобаны қабылдау және іске асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.