Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Қағидалар инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу арқылы зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау тәртібін айқындайды.
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) айырма төлемін алушы (бұдан әрі – алушы) – айырма төлемі тағайындалатын жеке тұлға;
3) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган – әлеуметтік қамсыздандыру саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) біржолғы зейнетақы төлемі – осы Заңда белгіленген тәртіппен салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоятын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы;
5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттің атқарылуы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) жеке зейнетақы шоты – міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсімі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдері ескерілетін және зейнетақы төлемдері жүргізілетін салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) дербес атаулы шоты;
8) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары және ведомстволары;
9) инвестициялық портфельді басқарушы – «Бағалы қағаздар рыногы туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті өз атынан және клиенттің мүддесінде және соның есебінен жүзеге асыратын, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сай келетін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
10) инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (бұдан әрі – айырма төлемі) – инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;
11) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
12) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) уәкілетті оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнаулы шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар), сол шоттарға БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетін кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асырады;
14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
1) Әлеуметтік кодекстің 208-бабының 1-тармағында, 222-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдарға – зейнеткерлік жасқа жеткен күнге;
2) Әлеуметтік кодекстің 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 222-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда – зейнетақы жинақтарын алған күнге;
3) Әлеуметтік кодекстің 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 222-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға – Әлеуметтік кодекстің 208-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткен күнге сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған күннен бастап Әлеуметтік кодекстің 208-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезеңге.
Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын екі және одан көп рет жасасқан жағдайда айырманы төлеу сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап Әлеуметтік кодекстің 208-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезеңге жүзеге асырылады.
Бұл ретте, айырманы төлеу инфляция деңгейін және сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ескеріліп, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасына жүргізіледі.
Сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға ұсынады;
4) Әлеуметтік кодекстің 221-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 222-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары алынған күнге;
5) Әлеуметтік кодекстің 221-бабының 3-тармағында, 38-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын Әлеуметтік кодекстің 208-бабы 1-тармағына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға – салымшының уәкілетті оператор ашқан арнаулы шотына біржолғы зейнетақы төлемдері соңғы аударылған және (немесе) зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аударылған күннен басталатын кезеңге Әлеуметтік кодекстің 38-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жасқа толған күнге.
Біржолғы зейнетақы төлемдері алынғаннан және (немесе) зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.
Әлеуметтік кодекстің 208-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа дейін уәкілетті оператор біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтарған және (немесе) зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылған жағдайда, айырманы төлеу зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ға соңғы аударылған күннен бастап Әлеуметтік кодекстің 208-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең үшін жүргізіледі.
Уәкілетті оператор қайтарған біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылған зейнетақы жинақтарының сомалары зейнетақы жарналары ретінде қаралады және қайтару сәтінде мемлекеттік кепілдік бойынша айырманың есебіне енгізіледі.
Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы адамдар, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар мемлекет кепілдігіне жүгінген жағдайда, айырманы төлеу 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы соңғы рет қайтарылған кезден бастап зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күні инфляция деңгейін ескере отырып және жеке зейнетақы шотында міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылғаннан кейін зейнетақы жинақтары қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасына жүргізіледі.
2-тарау. Айырма төлемін тағайындау үшін өтініш беру тәртібі
Проактивті қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы өтініш берушінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөміріне проактивті қызметті көрсету және тілді таңдау туралы sms-хабар жібереді.
Бұл ретте Әлеуметтік кодекстің 208-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалмайтын өмір бойғы ай сайынғы қамтылым алатын отставкадағы судьяларға, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға мемлекеттік кепілдік бойынша айырманы төлеудің есеп-қисабы мемлекеттік корпорацияға өтінішпен өзі жүгінген жағдайда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардан басқа, айырма төлеміне құқығы бар адам айырма төлемін тағайындау үшін мемлекеттік корпорацияның тұрғылықты жеріндегі әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтінішті қабылдаған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін қандас куәлігі) қоса беріледі.
Бұдан басқа, осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін өтінішке сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі қоса беріледі.
Айырма төлемін тағайындау мерзімі Әлеуметтік кодекстің 208-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күнге инфляция деңгейі туралы ақпарат бар болса, базалық зейнетақы төлемі тағайындалған күннен кейінгі күннен, бірақ Әлеуметтік кодексті 208-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күнге инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде ол тағайындалған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде басталады.
алушы өзі жүгінген кезде:
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорт;
екiншi деңгейдегi банктерде немесе Қазақстан Республикасының аумағында банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;
осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін сақтандырушы ұйыммен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар сенім білдірген тұлға арқылы өтініш берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттарының дұрыстығын нотариат куәландырады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған жағдайда құжаттардың көшірмесін нотариалды куәландыру тұратын мемлекетінде немесе Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.
1) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, шетелдік паспорт).
Шет тілінде жасалған құжаттар үшін қазақ немесе орыс тіліне аудармасының дұрыстығын нотариус жүзеге асырған куәландыру қоса беріледі;
2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымдардағы мүддесін білдіруі жөніндегі өкілеттіктер қамтылатын болса) ұсынады.
Сенім білдірілген өкілдің алушыға айырма төлемін тағайындау туралы өтініш беруі сенім білдірілген өкілдің өзі келген кезде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, мұрагер:
1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішті;
2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, шетелдік паспорт);
3) айырма төлемін алуға құқығы бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін, заңды күшіне енген сот шешімін;
5) алушының банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.
1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішті;
2) қамқоршының немесе қорғаншының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты);
3) қамқоршылықтың немесе қорғаншылықтың белгіленгенін растайтын құжат;
4) осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
3-тарау. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі
инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда – айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;
инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін мына формулаға сәйкес жүргізеді:
осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін айырма төлемі сомасының есебі мынадай формулаға сәйкес жүргізіледі:
Sr = Sn-Sf
Sn= Sn-1 *In +Pn,
S1 = P1, мұнда.
n – есепті ай;
Sr – айырма төлемінің сомасы;
Sn – n айындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып,салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақыжарналарының сомасы, теңгемен;
Sf = БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен нақты зейнетақы жинақтарының сомасы, теңгемен;
In – өткен айға қатысты n айындағы инфляцияның көрсеткіші, пайызбен;
Pn – n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;
P1 – n айындағы алғашқы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;
осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар және әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы адамдар, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін айырма төлемі сомасының есебі мынадай формулаға сәйкес жүргізіледі:
Sr = Sn-Sf
Sn = Sn-1 *In +Pn,
S1 = Sv-Sp, мұнда:
n – есепті ай;
S1 – сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының нақты қалдық немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылғаннан кейін қалдық сомасы, теңгемен;
Pn – n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;
Sn – n айындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы, теңгемен;
Sf – БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен нақты зейнетақы жинақтарының сомасы;
Sv – сақтандыру ұйымына аударылған кездегі немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған кездегі БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты жинақтарының сомасы, теңгемен;
Sp – сақтандыру ұйымына аударылған сома немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған сома, теңгемен;
In – өткен айға қатысты n айындағы инфляцияның көрсеткіші, пайызбен.
Бұл ретте, тұтастай алғанда, ел бойынша тиісті кезең үшін инфляцияның деңгейі статистика жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған деректеріне сәйкес алынады.
1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің жобасынан;
2) инфляцияның деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпараттан;
3) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мәліметтерден тұратын алушының электрондық (қағаз) іс макетін (бұдан әрі – ЭІМ) қалыптастырады және оны уәкілетті органға жібереді.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша sms-хабарларды өтініш берушінің деректерін (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, күні, sms-хабар жіберілген телефон нөмірі, істің нөмірі және маманның деректері) қамтитын sms-хабарлар журналында тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабар жіберу мүмкіндігі болмаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның аумақтық бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды не өзі келгенде береді.
Бұл ретте айырма төлемі банк шоттарына аудару немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушылардың үйлеріне жеткізіп беру арқылы жүргізіледі.