«Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі
«Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексін іске асыру шеңберінде әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.
2023 жылғы 20 наурызда жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды.
Бұдан басқа, жобаны қабылдау және іске асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.