Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьялары, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы
2023 жылғы 1 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің» 11-бабының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьялары, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары бекітілсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|
Ә. Смайылов
|