Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу
(есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу
қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
2023 жылғы 1 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің» 11-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|
Ә. Смайылов
|