Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 

Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 17-бабының 1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері туралы туралы қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және

2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Министр

                   Т. Дүйсенова                                   

 

 

Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
20 марта 2023