Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі конкурстық комиссиясының осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша шешімі:
- Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті әлеуметтік әріптестік басқармасының басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Баглан Берикулы Касенов ұсынылды.
- Комиссияның оң шешімін алған үміткерлердің болмауына байланысты Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының бас сарапшысы бос лауазымына арналған конкурс өтпеді деп есептелсін және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кезекті тәртіпте жүргізілсін.