«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 192-бабының 4 және 5-тармақтарына және 194-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазым

Аты-жөні

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,

инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Дата публикации
02 марта 2023