«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

«15-1) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;»;

6-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

«Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтінішті ұсыну оны «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындау кезінде талап етілмейді.

Учаскелік комиссияның адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге адамның (отбасының) келісімі атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындауды қарау үшін негіз болып табылады.

Учаскелік комиссия адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісім алған күн проактивті көрсетілетін қызмет арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі.»;

7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7-1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған «портал» арқылы келіп түскен электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:

1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;

2) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу, сондай-ақ тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;

3) отбасының барлық мүшелерінде бір елді мекен шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелуінің болуы.

Жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша тексерудің оң нәтижесі болған кезде өтінішті өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына ауыстыру жүргізіледі.

Атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындау үшін әлеуетті алушыларды айқындау адамның (отбасының) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер бойынша анықталған атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін талаптарға сәйкес келген кезде жүзеге асырылады.

Атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындау үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі тіркелген болуы, көрсетілетін қызметті алушының учаскелік комиссияға келуге келісімі және көрсетілетін қызметті алушының sms-хабар арқылы сұрау салу арқылы алынған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымды таңдауы қажет.»;

12-тармақтың 2) тармақшасында:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Орталық бір жұмыс күні ішінде:

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. «Портал» арқылы не проактивті форматта келіп түскен электрондық өтінімдер осы Қағидаларға 3.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді тіркеудің электрондық журналында тіркеледі;»;

бесінші абзац алып тасталсын;

көрсетілген бұйрыққа 12-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

Т. Дуйсенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 28.02.2023

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 31972 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство труда и социальной защиты населения РК - Директор департамента Анжелика Борисовна Парсегова, 15.02.2023 18:36:56, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 21.02.2023 21:35:28, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дуйсенова, 22.02.2023 14:44:34, положительный результат прове

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
02 марта 2023