«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы __ ______ №___, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы __ ______ №___ бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13, 14 және 30-баптарына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 21-1 және 22-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаға қатысатын халықты жұмыспен қамту орталықтарының тізбесі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрықты облыс орталықтарына, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамына және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына жеткізу.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі Б. Нұрымбетов
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі Б. Жұмағалиев