Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы (30.12.2022 ж.)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодекcінің 32-бабының 2-тармағына, 2022 жылғы 1 желтоқсандағы «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қаржы департаменті:

1) бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді талқылауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы
    А.Ө. Бейспековке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

 

    Министр                                                                            Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы
Дата публикации
30 декабря 2022