Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы (31.03.2022 ж. №106)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодекcінің 32-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың 24-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қаржы департаменті осы бұйрық бекітілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы
    А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
    2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

 

    Министр                                                         С. Шәпкенов

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы
Дата публикации
31 марта 2022