«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 475 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың 20-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен қайта бекітілген «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» 001 бюджеттік бағдарламасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен қайта бекітілген «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу» 027 бюджеттік бағдарламасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Министр Т. Дүйсенова