Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Ұ. Маминге
«Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын
көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
- Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
- Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Е.Л. Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес (2020 жылғы 27 мамырдағы№ 21-12/2163 хаты)
3.Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
Қаражат «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасында көзделген.
Қосымша қаражат бөлу талап етілмейді.
- Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
- Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі
Кепілдендірілген әлеуметтік пакет шеңберінде ұсынылатын көмек түрлері мен көлемдерін айқындау мақсатында.
- Жобада қаралатын мәселелер және олардың іске асырылу нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер
Жоқ.
- Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін-етілмейтінінкөрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы
Талап етілмейді.
- Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат
Халықаралық шарт болып табылмайды.
- Мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі
Рұқсат етіледі.
- Қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт саны)
Жоба Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған(2020 жылғы 4 сәуірде, 130 Kб).
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған(2020 жылғы 27 сәуірде, 63,8 Kб).
- Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаның, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат
Жоба тауарлардың, көрсетілетін қызметтердіңсаудасынанемесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты емес.
- Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
Сәйкес келеді.
- Үкiмет актiсiнің қолданысқа енгiзілуiне байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шығындарын азайтуды және/немесе ұлғайтуды растайтын есептеулердiң нәтижелерi
Талап етілмейді.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов