Шетелдіктердің тұрақты тұруға рұқсат алуы және оны қалыптастыру тәртібі мақсатында талап етілетін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы

«Шетелдіктердің тұрақты тұруға рұқсат алуы және оны қалыптастыру тәртібі мақсатында талап етілетін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына (Жоба) анықтама

 

Әзірлеуші мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жобаны қабылдаудың мақсаты ««Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес шетелдіктердің талап етілетін мамандықтар тізбесі негізінде тұрақты тұруға рұқсат алуы болып табылады.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржылай шығындарды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға алып келмейді.

Жоба халықаралық шарт болып табылмайтынына байланысты оны кейіннен ратификациялау қажеттілігі жоқ.

Жоба тауарлардың, қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты болмағандықтан, оны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру қажет емес.

Шетелдіктердің тұрақты тұруға рұқсат алуы және оны қалыптастыру тәртібі мақсатында талап етілетін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
05 января 2023