«Жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктеріне еңбек делдалдығы үшін өтініш білдірген азаматтардың саны туралы есеп (индексі 3-Т (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық)» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының -бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктеріне еңбек делдалдығы үшін өтініш білдірген азаматтардың саны туралы есеп» (индексі 3-Т (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық)» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Министр |
|
Т. Дүйсенова |