Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі конкурстық комиссиясының барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша шешімі:
- Заң қызметі департаменті құқықтық сараптама және талдау басқармасының бас сарапшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Нургали Алижан ұсынылды.
- Комиссияның оң шешімін алған үміткерлердің болмауына байланысты Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және енгізу саясаты басқармасының бас сарапшысы, Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 04.10.2022ж. дейін бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне) бос лауазымдарына арналған конкурс өтпеді деп есептелсін және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кезекті тәртіпте жүргізілсін.