Бірыңғай төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ қайтару қағидаларын бекіту туралы

Бірыңғай төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ қайтару қағидаларын бекіту туралы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 6-тармағына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-1-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 7-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ қайтару қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген                                  іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануы тиіс.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық банкі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

 

 

 

 

Бірыңғай төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ қайтару қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
26 декабря 2022