«Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 700 бірлескен бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
8-тармақтағы сөздер «көрсетілетін қызметті алушыға тек мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында ғана пайдаланылады және» деген сөздер алып тасталсын.
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесінде:
2-қосымшадағы мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 9 және 10-жолдармен толықтырылсын:
«
|
9 |
Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын табыстарының сомалары |
|
10 |
Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органы туралы мәліметтер |
».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрі ___________ Т. Дүйсенова |
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі _________________ Е. Жамаубаев |