«Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысының және «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 589 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
баспасөз-релизі
«Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысының және «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 589 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасының (бұдан әрі – Қаулы жобасы) ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Маңғыстау облысына жұмыс сапарының қорытындылары бойынша, (2022 жылғы 13 мамырдағы № 11-09 хаттама) хаттамалық тапсырманы орындау мақсатында, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың арасында ата-аналардың, қоғамдық кеңестің, депутаттардың және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, берілген кеплдендірілген әлеуметтік топтаманы табиғи нысаннан қолма-қол ақшаға ауыстыру әзірленді.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтама (бұдан әрі – КӘТ) ұсыныстарын ескере отырып, ол қайта қаралып, 2023 жылдан бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға (қоса алғанда) берілетін КӘТ-ны заттай көмектен монетизацияланған көмек түріне ақшалай ауыстыру туралы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем белгілеу арқылы шешім қабылданды.
Балаларға азық-түлік сатып алу үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, отбасына ай сайын ақшалай төлемдер төленетін болады.
Осыған байланысты, КӘТ шеңберінде көрсетілетін көмектің түрлері мен көлемдері және азаматтарды КӘТ қамтамасыз ету шеңберінде олардан тауарлар мен қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жою қажет.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылғы 15 желтоқсанда жарияланды. Жобаны қарау үшін келесі сілтеме арқылы өту қажет https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14346691