«Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
18 қазандағы № 1116 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу Қағидалары мен мерзімдерінде:
6 тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың күші «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауына сәйкес бірыңғай төлем есептелетін қызметкерлердің кірістеріне қолданылмайды.».
2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
129) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«129) баланың бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты кірісінен айрылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – қор) төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 143-1) тармақшамен толықтырылсын:
«143-1) бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидаларын әзірлеу және бекіту.»;
184) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«184) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін айқындау;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов