«Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 және «Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 73 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі
«Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 және «Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 73 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы жобасының (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) баспасөз-релизі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына (бұдан әрі – Заң жобасы) сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Заң жобасында кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну, оның құнын өтеу тәртібін, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталының жұмыс істеу мәселелерін реттейтін ережелерді алып тастау көзделеді. Ауыстыру ретінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлем белгілеу ұсынылады.
Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылғы 8 желтоқсанда жарияланды. Жобаны қарау үшін келесі сілтеме арқылы өту қажет https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14332595.