«Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 және «Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 73 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы

«Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 бұйрығына және «Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26834 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларында:

1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 9-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу және тіркеу немесе оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден шығару тәртібін айқындайды.

  1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамдардың белсенді және баяу жүріп-тұруына арналған техникалық көмек түрі;

2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісін білдіреді;

3) порталда тауарларды және (немесе) қызметтерді берушілер (бұдан әрі – өнім берушілер) – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке көмекшілер;

4) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар (бұдан әрі – ОТҚ) – протездiк-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар мен міндетті гигиеналық құралдар.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Өнім берушілерді порталға электрондық түрде жіберу және тіркеу туралы комиссия шешімін шығарған кезде мыналар қалыптастырылады:

әлеуметтік қызметтер порталында техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының өнім берушілерінің тіркелімі;

әлеуметтік қызметтер порталындағы санаторий-курорттық емдеу өнім берушілерінің тіркелімі;

әлеуметтік қызметтер порталындағы ымдау тілі мамандарының тізілімі;

әлеуметтік қызметтер порталындағы жеке көмекшілердің тізілімі;

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың бірыңғай тізілімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17469 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі.».

  1. «Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26973 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-8)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларында:

1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 1-тармағының 9-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушылардың, оның ішінде портал қатысушылары мен жеткізушілердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану тәртібін айқындайды.

  1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – халықтың жекелеген санаттарына «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеу шарттарында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігін беретін әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі;

3) еңсерілмес күш мән-жайлары – тұтас алғанда жүйенің жұмыс істеуін тоқтатуға немесе тиісінше жұмыс істемеуіне әкеп соқтыратын дүлей зілзалалар немесе болжау немесе алдын алу мүмкін емес өзге де мән-жайлар;

4) жеке көмекші - жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметтер көрсететін адам;

5) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Е-Собес» ААЖ) – жергілікті атқарушы органдар жүргізетін іс-шаралардың дерекқорын қалыптастыруға, жүргізуге және пайдалануға, материалдық және заттай көріністе әлеуметтік көмек көрсетудің бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

6) мүгедектігі бар адам - тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

7) мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедектігі бар адамды оңалтуды жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

8) портал әкімшісі – бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

9) порталға қатысушы – мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері (қорғаншылар, қамқоршылар), егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдар немесе олардың заңды өкілдері (қорғаншылар, қамқоршылар);

10) порталда тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер (бұдан әрі – жеткізуші) – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, жеке көмекшілер;

11) порталдың байланыс орталығы (бұдан әрі – байланыс орталығы) - әлеуметтік қызметтер порталының қызметтері мен сервистерін алу мәселелері бойынша цифрлық және дауыстық байланыс арналары бойынша порталға қатысушылардың өтініштеріне арналған анықтамалық қызмет;

12) техникалық және профилактикалық жұмыстар – есептеу техникасы құралдары мен телекоммуникациялық жабдықты жұмысқа қабілетті күйде ұстау жөніндегі, оның ішінде техниканың және (немесе) жабдықтың істен шығуын және олардың мерзімінен бұрын тозуын болдырмау мақсатында профилактиканы, ақауларды жоюды, жекелеген бөліктер мен блоктарды ауыстыруды, жабдықтың қуатын ұлғайту үшін жабдықты, бағдарламалық қамтылымды, қосымша құрылғылар мен платаларды орнатуды және баптауды, оларды пайдаланушыларға көмекті қамтитын іс-шаралар кешені;

13) техникалық іркіліс – порталдың немесе оның жекелеген компоненттерінің бағдарламалық-аппараттық кешенінің жоспарланбаған уақытша істен шығуы (авариялық тоқтау, жады мазмұнының бұзылуы, аппараттық-бағдарламалық қамтылым ресурстарының шамадан тыс жүктелуі және қабылданған технологияны елеулі түрде бұзатын және бағдарламалық қамтылымды жүйе жағдайында пайдалануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар, оның ішінде бағдарламалық қамтылым беретін дұрыс емес шығыс деректері (нәтижелері)), бір немесе бірнеше қатысушының порталды пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкеп соғуы;

14) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар (бұдан әрі – ОТҚ) – протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдар.

15) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. «Сізге көмек» бөлімінде портал қатысушысы іске асырылатын ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарының (бұдан әрі – тауар) сипаттамаларын және (немесе) ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің қызметтерін, санаторий-курорттық емдеуді, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – қызметтер) жеткізушілердің деректерін қарайды.

Мүгедектігі бар адам тауарды немесе көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19902 болып тіркелген). Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына сәйкес тапсырыс ресімдейді және өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге арналған өтінішке порталда қол қояды.».

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е.°Сағындықоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

АЖТ

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Дата публикации
08 декабря 2022