«Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығына және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 330 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде орталық атқарушы орган өзгерістер және немесе толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын, Бірыңғай байланыс орталығын, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органды енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) бірыңғай төлем төлеуші – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабында айқындалған салық агенті»;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға:
Мемлекеттік корпорация арқылы;
портал арқылы;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы.
Бұл ретте бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беру «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу кезінде «бір өтініш» қағидаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қарау бала тууды тіркегеннен кейін жүзеге асырылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік төлемді тағайындау өтініш (оның ішінде электрондық) және жеке басын куәландыратын құжат негізінде немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат негізінде жүзеге асырылады (сәйкестендіру үшін) (әлеуметтік төлемдер тағайындауға қандас мәртебесі бар адамдар жүгінген жағдайда қандас куәлігі ұсынылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат негізінде жүзеге асырылады (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ:
1) асыраушысынан айырылу жағдайына:
асыраушысының қайтыс болуы туралы куәлік (не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтер бар анықтама немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарлама) не адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі;
қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар, қайтыс болған асыраушы баласының (балаларының) туу туралы және неке (ерлі-зайыптылықты) қию (бұзу) туралы, бала асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін):
осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушы болып табылатыны немесе білім алушы болып табылғаны туралы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады);
қамқорлықты немесе қорғаншылықты белгілеу туралы құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін):
2) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына:
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);
3) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына:
баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);
олардың бар-жоғына байланысты:
қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімінен үзінді көшірме (бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда);
баланың (балалардың) қайтыс болу туралы куәлігі (куәліктері) (не азаматтық хал актілерінің жазбаларынан қайтыс болу туралы мәліметтерді қамтитын анықтама немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарлама).»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Өтініш беруші әлеуметтік төлемдерді тағайындауға жүгінген кезде өтініш берушіде тиісті әлеуметтік төлемді, оның ішінде балаға (балаларға) тағайындау немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына тексеру жүргізіледі.
Орталық атқару органның АЖ-дан тиісті әлеуметтік төлем тағайындау немесе тиісті әлеуметтік төлем тағайындауға (бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлемді тоқтату жағдайларынан басқа) өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған кезде өтініш берушіге осы Қағидаларға
11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат дереу беріледі.»;
14-тармақтың бірінші бөлігінің он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан туу туралы, баланы (балаларды) асырап алу туралы, неке қию туралы мәліметтерді қамтыған анықтама немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан неке туралы (алынған мәліметтерде ата-аналардың тегі ауысқан кезде) баланың (балалардың) қайтыс болғаны туралы мәліметтерді қамтитын анықтама не азаматтық хал актілерінің жазбаларынан қайтыс болу туралы мәліметтерді қамтитын анықтама бойынша «АХАТ» АЖ-ға сұрау салулар қалыптастырады;»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қордың филиалы төрт жұмыс күні ішінде шешім жобасымен ЭІМ-ді қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі – шешім) қабылдайды.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту үшін негіздер анықталған кезде қор филиалы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді, ал ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөмірі болмаған жағдайда ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы ЭІМ-ға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша қор филиалы оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Бұл ретте, егер белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті алушы қарсылық бермесе және ауызша білдірмесе, бұл алдын ала шешімге қарсылықтың болмауына тең.
Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша қарсылық берген немесе ауызша білдірген жағдайда қор филиалы өтініш берушіге тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының ауызша нысанда берілген қарсылығы тыңдау хаттамасына енгізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша қор филиалы әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда әкімшілік орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей «электрондық үкімет» шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Қор филиалдарының әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дұрыстығын тексеруі үшін негіздер болып табылады:
әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық түспеуі;
қызметкердің табысына және (немесе) дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары басшыларының табысына төленген әлеуметтік аударымдар сомаларының міндетті зейнетақы жарналарының аударылған сомаларына сәйкес келмеуі;
мемлекеттік органдардың АЖ-дағы құжаттар мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.
Осы мақсатта Қор филиалы төрт жұмыс күні ішінде сұрау салуларды, оның ішінде АЖ арқылы мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға әлеуметтік аударымдарды төлеушіге, бірыңғай төлем төлеушіге жібереді.
Қор филиалы әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде өтініш берушіден растайтын құжатты (құжаттарды) сұрату арқылы дара кәсіпкерлерден, шаруа немесе фермер қожалықтарынан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден, жеке практикамен айналысатын адамдардан әлеуметтік аударымдар түскен табысты алу фактісін тексереді.
Бұл ретте растайтын құжаттарға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы
31 тамыздағы № 219 қаулысының талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғаның жалақы жобасы бойынша ақша қаражатының қозғалысы бойынша айналымдары бар карт-шот бойынша үзінді көшірме;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы
31 тамыздағы № 219 қаулысының талаптарына сәйкес келетін дара кәсіпкердің ақша қаражатының айналымы бар банк шоты бойынша үзінді көшірме;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы
20 желтоқсандағы № 562 бұйрығына 2 және 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көзделген шығыс кассалық ордер және (немесе) қызметкердің жалақысын есептеудің жалақы ведомосінің көшірмесі жатады
Бұл ретте өтініш берушіні әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім қабылдауда орын алған кешіктіру және шешім қабылдаудың ұзартылу мерзімдері туралы, ЭІМ тексеруге жіберілген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде жазбаша нысанда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі хабардар етеді.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі қордың филиалынан электрондық хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні:
өтініш беруші өзі жүгінген кезде осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес құжаттарды тексеру туралы хабарлама беру арқылы;
өтініш берушінің мобильді телефонына Short Message Service (Шорт мэсседж сервис) хабарларын (бұдан әрі – sms-хабар) жіберу арқылы АЖ-да мобильді телефонның нөмірі болған кезде хабардар етеді;
құжаттардың тексерілуі туралы sms-хабарлар осы Қағидаларға
25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.»;
28-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді алушы қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе олардан шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген кезде, тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшері балаға мемлекеттің толық қамсыздандыруы белгіленген жағдайларды қоспағанда, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға әлеуметтік төлем қор филиалының шешімі бойынша мынадай құжаттар негізінде жүргізіледі:
1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем алушының қайтыс болуы туралы куәліктің (не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді немесе қайтыс болу туралы хабарламаны қамтитын анықтама), соттың хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялауы туралы, ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы шешімінің, соттың бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуі туралы үкімінің көшірмелері;
3) қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы бұйрық немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) немесе патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт немесе асырап алушы отбасына немесе отбасы үлгісіндегі балалар үйіне тәрбиелеуге беру туралы шарт.»;
алтыншы және жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін бір жарым жасқа толмаған бала қайтыс болғаннан кейін жүгінген кезде әлеуметтік төлем қайтыс болған айды қоса алғанда тағайындалады.
Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындаған кезде өздеріне қатысты ата-анасы ата-ана құқығынан айырылу немесе ата-ана құқығы шектелген, өлі туған балаларды қоспағанда, егер олар басқа ата-ананың отбасында есепке алынбаса, туған, асырап алынған өгей балалар қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған балалар отбасы құрамында ескеріледі.»;
32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы мақсаттарда қордың филиалы мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, төлеушіге, бірыңғай төлем төлеушіге сұрау салулар жібереді. Бұл ретте өтініш беруші әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім қабылдауда орын алған кешіктіру және шешім қабылдаудың ұзартылу мерзімдері туралы ІЭМ жіберілген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде жазбаша нысанда портал, «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы хабардар етіледі.»;
42-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) кіріс сомасын жиырма төртке бөлу арқылы мынадай формула бойынша айқындалады:»;
42-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бірыңғай төлем төлеушінің қызметкерлері болып табылатын тұлғалар үшін АК 45-1-тармаққа сәйкес айқындалады.»;
43-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бірыңғай төлем төлеушінің қызметкерлері болып табылатын тұлғалар үшін АК 45-1-тармаққа сәйкес айқындалады.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың табысынан, бірыңғай төлемді төлеушінің қызметкерлері болып табылатын адамдардың табыстарынан басқа, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған ай сайынғы табыс көрсетілген ай үшін төлеушіден түскен әлеуметтік аударымдар сомасын Заңның 14-бабының 1-тармағында көзделген әлеуметтік аударымдар ставкасына бөлу жолымен есептеледі және алынған нәтижені келесі формула бойынша жүзге көбейту:
АК = ӘА а / S әа х 100, мұндағы:
ӘА а – бір айдағы әлеуметтік аударымдар;
S әа – әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі.»;
мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
«45-1. Бірыңғай төлемді төлеушінің қызметкерлері болып табылатын адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табыс көрсетілген ай үшін бірыңғай төлемге енгізілген, келіп түскен әлеуметтік аударымдардың сомасын Заңның 14-бабының 3-тармағына сәйкес тиісті жылға белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі әлеуметтік аударымдардың үлесіне бөлу және алынған нәтижені Салық кодексінің 776-3-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті жылға белгіленген салық салу объектісіне қолданылатын бірыңғай төлем мөлшерлемесіне бөлу жолымен есептеледі, мынадай формула бойынша:
АК = ӘА а / БТ мөлшерлемесіне ӘА үлесі / БТ мөлшерлемесі, мұндағы:
ӘА а – бірыңғай төлемге енгізілген бір айдағы әлеуметтік аударымдар сомасы;
БТ мөлшерлемесіне ӘА үлесі – бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі әлеуметтік аударымдардың үлесі, %;
БТ мөлшерлемесі – салық салу объектісіне қолданылатын бірыңғай төлем ставкасы, %.»;
46-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ӘТеа = (ОАТ – 55% ЕТЖ) х ТАК х ҚӨК х ЕАК, мұндағы:»;
47-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ӘТаа = (ОАК – 50 % ЕТЖ) х КАК х ҚӨК х АСК, мұндағы:»;
48-тармақтың бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кірісті алмастыру коэффициенті 0,45-ті құрайды.»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті алмастыру коэффициентiне көбейту арқылы мынадай формула бойынша айқындалады:
ӘТбк = ОАК х КАК, мұндағы:
ӘТбк – бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем;
ОАК – осы Қағидалар 42, 43-1-тармақтарына сәйкес айқындалатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық кірісі;
КАК – кірісті алмастыру коэффициенті.
КАК 0,4-ті құрайды.»;
53-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік қатер туындаған күнге дейінгі соңғы 24 айдың алдындағы айда әлеуметтік аударымдар түсімдері болмаған кезде, оған «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заң) сәйкес бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына бір айдың ішінде бір төлеушіден немесе бірыңғай төлем төлеушіден бірнеше рет әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, аталған айға әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын жиынтық табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.»;
55-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«55. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына бір айдың ішінде екі және одан да көп төлеушіден және (немесе) бірыңғай төлем төлеушілерден әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, әрбір төлеушіден келіп түскен әлеуметтік аударымдар бойынша ай сайынғы кіріс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есептеледі, кейін олар жинақталады.»;
56-тармақтың екінші бөлігінің оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) уәкілетті органдар мен ұйымдардан, сондай-ақ төлеушіден, бірыңғай төлем төлеушіден өтініш берушінің әлеуметтік төлемдер мөлшерін негізсіз айқындауға әкелетін дәйексіз мәліметтерді ұсынуы туралы мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қордың филиалына жібереді.»;
61-тармақтың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ:»;
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«64. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақының ай сайынғы мөлшері қайта қаралған кезде бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемнің ең төменгі мөлшері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталған міндетті зейнетақы жарналары қоса есептеле отырып, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша төленетін мемлекеттік жәрдемақының деңгейіне дейін қайта есептеледі.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі қор филиалы бекіту үшін осы Қағидаларға 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу туралы шешімнің жобасын қалыптастырады.»;
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алушы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне қосымша баланың (балалардың) туу туралы куәлігін (куәліктерін) не азаматтық хал актілерінің жазбасынан мәліметтері бар анықтаманы ұсынған жағдайда әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу жаңа туған баланың (балалардың) кезектілігі ескеріліп әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен бастап жүргізіледі.
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем алушының бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу туралы өтініші негізінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қор филиалының бекітуі үшін шешім жобасын қалыптастырады.
Бұл ретте, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем мөлшерін қайта есептеуге жүгіну мерзімі бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты кірістен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен бастап 12 айдан аспайды.»;
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Қордың және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның, МӘС құрылымдық бөлімшелерінің, жұмыспен қамту орталығының және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану кезінде осы Қағидаларға 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларда көрсетілген мекенжай бойынша қор, Мемлекеттік корпорация басшысының атына, Министрлік басшысының атына, жергілікті атқарушы орган басшысының, не Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.
Қордың атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;
Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларына 1, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 14, 15, 20, 21 ,35 және 41-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 330 бұйрығы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.»;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 7-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
5) міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңмен қосымша белгіленген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын Қордан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларды мемлекеттік қолдау нысаны;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау Қордан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылардың пайдасына ай сайын бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар, Қордан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушыға, егер мүгедектік мерзiмсiз белгiленген болса, бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға оның келісімі болған кезде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«БКәт – Заңның 24-бабына сәйкес айқындалатын Қордан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшері.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнің мөлшерін қайта есептеген жағдайда ай сайынғы бюджеттік субсидияның мөлшері қайта есептеуге жатады және осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес айқындалады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың он пайызынан асатын болса, міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау жүргізілмейді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген баланың туған күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жарым жасқа дейінгі балаға қамқоршылық тағайындалған жағдайларда – баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күнінен бастап бала бір жарым жасқа толған күнді қоса алған күнге дейін не қамқоршы (асырап алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада көзделген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жүргізіледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясын белгілеу кезеңін келесі туылған, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жағдайда, бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау алдыңғы бала бір жарым жасқа толған күннен кейінгі күннен бастап, ал осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес тоқтатылған жағдайда бала қайтыс болған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап немесе алдыңғы баланың күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыға міндетті зейнетақы жарналарын аудару тоқтатылған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүргізіледі және белгіленеді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қордан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау туралы шешім Қор филиалынан келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшерін есептейді, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін қалыптастырады және оларды Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді.»;
18-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қайтыс болуы туралы мәліметтер (не азаматтық хал актілерінің жазбаларынан қайтыс болғаны туралы мәліметтерді қамтитын анықтамалар немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болғаны туралы хабарлама), Қордан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушы туралы соттың заңды күшіне енген адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешімдері келіп түскенде»;
19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіру бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушы тоқтата тұру негіздемесіне байланысты мынадай құжаттардың біреуін:
1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу фактісін растайтын анықтаманы;
2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелу фактісін растайтын мәліметтерді;
3) баланы (балаларды) асырап алу және/немесе балаға қамқоршылық тағайындау туралы құжатты ұсынған кезде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімі негізінде бала бір жарым жасқа толған күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.»;
20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару:
1) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем Заңның 28-бабына сәйкес тоқтатылған;
2) егер бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері Заңның 15-бабына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың он пайызынан асқан;
3) Заңның 10-бабының 12) тармақшасына сәйкес орталық атқарушы орган бекітетін Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тоқтату туралы мәліметтер келіп түскен жағдайларда тоқтатылады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға арналған бюджет қаражатын алып, төлем тапсырмаларын қалыптастырады және субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын кейіннен Қордан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының дербес зейнетақы шотына есептеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
Бұл ретте, субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару тиісті кезең (ай (айлар) және жыл) көрсетіле отырып, Қордан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді төлеген айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Ақпараттық жүйелерде бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні өзгерген жағдайда ОДҚ-да автоматты режимде өзгерістер жүргізіледі.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Мемлекеттік корпорация қате аударылған, субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға электрондық түрдегі өтінімді бес жұмыс күні ішінде қалыптастырады. Өтінімде: салымшының (бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, қайтаруға жататын міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидияларының мөлшері және қайтару себебі көрсетіледі.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі