Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 143731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды және олар бойынша өндіріп алуларды есептеу және төлеу қағидаларында:

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және төлеу және олар бойынша өндіріп алу тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.»;

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) бірыңғай төлем төлеуші – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабында айқындалған салық агенті.»;

4 тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жұмыскердің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-2-бабында айқындалған кірісі бірыңғай төлемді есептеу объектісі болып табылады.».

6 тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың ережелері бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдардың үлесін бөлу кезінде қолданылмайды..»

13-тармақта:

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) бірыңғай төлемді төлеушіге қайтару республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінен 3,2% есептелген әлеуметтік аударымдар мөлшерінен асатын сомаларға жатады.».

үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Қағидалардың 2-тармағының 6) тармақшасына және
6-1) тармақшасына сәйкес төлеуші болып табылмайтын жеке тұлғалар төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл қайтаруға жатпайды.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның банктік шотына артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды төлеушілерге қайтару тәртібі туралы қағидаларында»:

7-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Мемлекеттік корпорация өтінішті қоса берілген құжаттармен төлеушіге келесі жағдайларда қайтарады:

егер артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды есептеу фактісi расталмаса;

төлеушінің өтініші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанға сай келмесе;

төлеушінің өтініші толық емес немесе қате толтырылған:

бірнеше себептерді таңдау;

төлем құжатының деректемелеріне сәйкес келмеуі;

қайтарылғаннан кейінгі айдағы әлеуметтік аударымның қалған сомасы бір ең төменгі жалақыдан есептелген сомадан аз болады;

төлеушiнiң артық (қате) төлеген әлеуметтiк аударымдарының сомалары әлеуметтiк төлемдердi тағайындау кезiнде еңбек өтiлiне енгiзiлген кезең үшiн есептеледi;

төлеушінің артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар сомаларын және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару себебі расталмаған;

өтінішке осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген қайтару себебін растайтын құжаттар қоса берілмеген.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 2-тармақтың 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«2-1) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;»;

4 тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Процесс сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті беру ерекешеліктерін ескере отырып, басқа да мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген.»;

7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті ақпараттық жүйеге көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің болуына сұрау салуды қалыптастырады және өтінішті тіркейді.

Сұрау салуды өңдеу тиісті ақпараттық жүйеде 10 минут ішінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алудан бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу туралы хабарлайды.

ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынуға немесе қарсылық білдіруге құқылы.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алу немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;

8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сай беріледі.»;

10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

  1. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы куәландырылған, электрондық құжат нысанында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сай беріледі.

12 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне автоматтандырылған режимде енгізуді қамтамасыз етеді..»;

2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
30 ноября 2022