«Бірыңғай төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Бірыңғай төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ қайтару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді. Бұйрық жобасымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері үшін жалақыдан бірыңғай төлем енгізу ұсынылады. төлемдерді, аударымдарды және бөлуді, сондай-ақ Бірыңғай төлемді қайтаруды жүзеге асырады.
Бірыңғай төлемнің құрамына жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды қосу жоспарлануда.