«Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы №280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына баспасөз релизі
«Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы №280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі-бұйрықтың жобасы) арнайы жұмыс орындарын жарақтандыруға арналған субсидиялардың мөлшерін белгілеу және арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған мүгедек адамдар үшін жалақыны субсидиялау жөніндегі тетікті енгізу мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
2022 жылғы 21 қарашада бұйрықтың жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және ЕХӘҚМ ресми сайтында орналастырылды.