«Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы №280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы №280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

 «Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15858 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарында:

3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Арнайы жұмыс орындарын құруға байланысты жұмыс берушілерді субсидиялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырады.».

12 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Мүгедектігі бар адам болып табылатын қызметкер мен жұмыс беруші арасында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кемінде 3 (үш) жыл мерзімге еңбек шарты жасалады.

Бұл ретте, халықты жұмыспен қамту орталығы мүгедек адамдардың еңбегіне ақы төлеуді субсидиялайды.

Субсидия мөлшері:

1) жұмысқа орналастырудың алғашқы 12 (он екі) айы-жалақы мөлшерінің 70%, бірақ 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайды;

2) жұмысқа орналастырудың 13 (он үшінші) айдан 24 (жиырма төртінші) айына дейін-жалақы мөлшерінің 65%, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;

3) жұмысқа орналастырудың 25 (жиырма бесінші) айдан 36 (отыз алтыншы) айына дейін – жалақы мөлшерінің 60%, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.»

15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Жұмыс беруші мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру (жабдықтау) жұмыстарын орындағаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығына жасалған шартқа және бұдан бұрын ұсынылған шығыстар сметасына сәйкес орындалған жұмыстар актісін қол қою және субсидия алу үшін ұсынады не оған электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол койып, Электрондық еңбек биржасының жеке кабинеті арқылы жолдайды.

Жұмыспен қамту орталығы тексергеннен және орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаннан кейін жұмыс беруші субсидия алады.

Арнайы жұмыс орындарын жарақтандыруға арналған субсидиялардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайды.»

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министр                                                                Т. Дүйсенова

Бұйрық
Дата публикации
21 ноября 2022