«Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу
(есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы14 қарашадағы № 897 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
баспасөз релизі
«Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 897 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы (бұдан әрі – жоба) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ҚР Заңының жобасын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.
2022 жылғы 18 қарашада жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды.
Бұдан басқа, жобаны қабылдау және іске асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.