«Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығының пресс-релизі
Елбасының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауы шеңберінде берген тапсырмасын орындау мақсатында «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірленді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
2022 жылғы 18 қарашада бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және ЕХӘҚМ ресми сайтында орналастырылған.