2022 жылғы 5 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметтерінің бағалар жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өтеді.
Жария тыңдаулар онлайн режимде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Facebook тегі ресми парақшасында өтетін болады https://www.facebook.com/enbek.gov.kz Сағат 11.00.
Қоғамдық тыңдауларға қатысты сұрақтар мен ұсыныстар болған жағдайда көрсетілген телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 74-35-98, 8 (702) 101-02-02 немесе оларды мына мекенжайларға жіберсеңіз болады: zh.kuzhekova@enbek.gov.kzmberdibekova@gov4c.kz.
Естеріңізге сала кетейік, жария тыңдаулар – бұл тұтынушыларды, монополияға қарсы органның, қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік орган өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын және мемлекеттік монополия субъектілерін шақыра отырып, уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтердің бағалар жобасын талқылау рәсімі.